«АЛМАТЫ» КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

«АЛМАТЫ» КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Алматыда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық  реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев, брокерлік компаниялардың өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесу өткізді.  

Тараптар автокөлік құралдарын айналымға шығару кезінде көлік құралдарының сәйкестігін растау және КО ТР 018/2011 талаптарының сақталуын растайтына қатысты және басқа да сұрақтар, сондай-ақ кеден одағының аумағында міндетті талаптар белгіленетін Кеден одағының аумағына тауарларды әкелу тәртібі туралы ережесі талқылады.

Кездесуге Алматы қаласы Департаментінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС, Алматы қаласы бойынша «КазИнСт» РМК филиалы, кеден бекеті - Алматы кедендік рәсімдеу орталығының қызметкерлері, сонымен қоса СЭҚ қатысушылары мен брокерлік компаниялар қатысты.

Арман Шаккалиев міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімдерді алып келу кезіндегі тәртібі бойынша әрекет ететін реттейтін механизмдердің негізгі ережелерін түсіндірді және сәйкестікті растау бойынша құжаттарды рәсімдеу барысында бизнес тарапынан бұзушылықтарды болдырмау мақсатында «Алматы» Кедендік рәсімдеу орталығына Комитет тұрғысынан көмектесуге дайын екендігін атап өтті.

Өз кезегінде брокерлік компаниялардың өкілдері іскерлікті белсенді ету бойынша қызығушылықтарын және Комитеттің аймақтық департаментімен тұрақты түрде өзара қатынасты жалғастыруды ұсынды.