ҚАУІПСІЗ ОПА-ДАЛАПТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК

ҚАУІПСІЗ ОПА-ДАЛАПТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК

Қазіргі уақытта әлемде парфюмерлік-косметикалық өнімдердің алуан түрлілігі бар. Көптеген заманауи адамдар өз өмірін парфюмерия мен косметиканы пайдаланбай елестете алмайды. Сондықтан нарықта ұсынылған әр түрлі ассортименттен қауіпсіз косметиканы таңдай білу өте маңызды.

Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі - парфюмерлік-косметикалық өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде тағайындалуына және қолдану әдісіне сәйкес оны қолданған кезде тұтынушыға парфюмерлік-косметикалық өнім зиянды әсері жоқ болуын қаматамасыз ететін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы.

«Парфюмерлік-косметикалық өнім қауіпсіздігі туралы» 009/2011 Кеден одағаның техникалық регламенті - адамның өмірін және денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ оның тағайындалуы және қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды қателесуші іс-әркеттерден ескерту мақсатында парфюмерлік – косметикалық өнімге, сондай–ақ олармен байланысты өндіру үрдістеріне қатысты талаптарды орнататын құжат.

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі №799 шешіміне сәйкес техникалық регламент заңды күшіне 2012 жылы 1 шілдеде енді. Оның әрекетіне Кеден одағының аумағына әкелінетін немесе оның аумағында өндірілетін барлық тұтынушы қаптамасындағы парфюмерлік-косметикалық өнім  түседі. Тек ингаляция, инъекция, тері, имплантанттар жабындысын зақымдаумен салынатын татуажға арналған өнімдер, ауруларға диагноз қою және емдеу кезінде қолданылатын өнімдерді қоспағанда.

Осы техникалық регламент талаптарына сәйкес егер өнім оның әрекетіне түсетін жағдайда сәйкестік сертификатын, сәйкестік туралы декларациясын немесе кейбір жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін міндетті рәсемдеу қажет етіледі.   

Парфюмерлік-косметикалық өнімде қолдануға тиым салынған заттардың тізімі 1328 зат атауы осы техникалық регламентте келтірілген.

Құрамына 1% жоғары мөлшерде шығу тегі табиғи өсімдік және табиғи минералды шикізат бар парфюмерлік-косметикалық өнімде уытты заттар күшән – 5,0 мг/кг, сынап – 1,0 мг/кг, қорғасын – 5,0 мг/кг аспауы қажет.

Парфюмерлік-косметикалық өнімнің токсикологиялық және клиникалық көрсеткіштері аккредиттелген сынақ зертханаларында өнімнің физико-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштеріне сынаудың оң нәтижелерін алғаннан кейін анықталады. 

Қауіпсіз парфюмерлік-косметикалық өнімді дайындау кезінде ыдысқа назар аудару маңызды. Парфюмерлік сұйықтықтар шыны, хрустальды, фарфорлық, полимерлік флакондарға немесе шыны түтіктерге буып-құяды. Парфюмерлік өнім дайындау үшін шыны флакондар жоғары сапалы шыныдан жасалған, тесік, көпіршік, бөгде қосылыстар және басқа ақаулар жоқ болуы керек.

Парфюмерлік–косметикалық өнімнің таңбасында осы өнім туралы толық ақпарат болуы тиіс, себебі осы ақпараттан біздің денсаулығымызға қауіпсіз өнімді таңдай аламыз.

Осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін және осы техникалық регламентке сәйкестікті бағалау процедураларын өткен парфюмерлік-косметикалық өнім КО мүше-мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірегей белгісімен таңбалануы тиіс.  КО мүше-мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірегей белгісі өнімнің әр данасына (тұтынушылық ыдыс, жарлық, этикетке) салынады және/немесе тауар жетектемелік құжатқа.

Толық ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында http://www.eurasiancommission.org алуыңызға болады.

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы,11. Тел:75-05-41, 75-05-42, 75-05-43. Е-mail: gosnadzor_astana@mail.ru.