ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру бойынша, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық  филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Нариман Мәуленов және  «Нұр Отан» партиясының инспекторы Ерғали Омаровтың қатысуымен  семинар өтті.

 Алғы сөзінде Нариман Мәуленов парақорлық - сыбайлас жемқорлықтың ең көп тараған түрі екенін атап өтті.

 «Парақорлықтың себептерін және оларды алу жағдайларын жою үшін біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселесінде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де және пара алу да  үлкен қылмыс ретінде саналатындай қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмысына кедергі келтіреді, мемлекеттік органдардың беделін түсіреді, барлық құқықтық қағидаларды жоққа шығарады, сонымен қатар біздің еліміздің азаматтарының құқықтық және конституциялық құқықтарына нұқсан келтіреді », - деді ол.

Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс», - деп айтып өтті. 

«Нұр - Отан» партиясының инспекторы Ерғали Омаров бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған және 2004 жылдан бастап жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні туралы айтып берді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Заңның талаптары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының ықтимал себептері және бұзушылықтар үшін жауапкершілік түсіндірілді.

В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ СОСТОЯЛСЯ СЕМИНАР, ПОСВЯЩЕННЫЙ ДНЮ БОРЬБЫ С КОРРУПЦИЕЙ