«16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» - НЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

«16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» - НЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің  техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні» - не арналған дөңгелек үстел өткізілді.  

Алғаш сөз кезегін алған Департамент басшысы Әлия Ахметова сонау 1986 жылдың желтоқсанын еске алып, жастардың рухты жігерін еске алып: «Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз – Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. Осы уақыттың ішінде, барлық жетістіктер мен табыстар, ең алдымен Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерең еңбегінің жемісі. Сонымен бірге, әрқашанда Президентімізге қолдау көрсетіп, тірек болып келе жатқан халқымыздың береке бірлігінің нәтижесі. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері Президентіміздің тегеурінді және дана басшылығымен әрбір Қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болды. Қазақстан Тәуелсіздіктің 27 жылдығы – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын көрінісі», - делінді.

Сонымен қатар, жиналыс барысында департаментің бас мамандары дайындаған слайд, қысқа метражды фильм тамашаланып, баяндама тыңдалынды.