МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2018 жылдың 12 желтоқсан күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдаулет Килыбайдың төрағалығымен Маңғыстау облысының өңірлік штаб отырысы құрамына енгізілген уәкiлетті мемлекеттiк органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлерінің   қатысуларымен Өңірлік штабтың үшінші отырысы өткізілді.

Отырыс барысында Маңғыстау облысындағы Сауда базарларының Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі, «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы,  «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V, «Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» 2003 жылғы 5 ақпан № 131 қаулысы бойынша сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, өңірлік штаб отырысының қатысушыларымен  «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы, сондай-ақ ветеринариялық, техникалық реттеу және метрология, салық заңнамасының талаптары қарастырылды.

Отырыстың негізгі мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру мақсатында мониторингтік топ құруды талқылау болды. Кездесу барысында тараптардың өкілдері байланыстарды жалғастыруға және келісімдерді іске асыру нəтижелері бойынша келесі кездесуді өткізуге дайын екендіктерін білдірді.