
Жұмыспен айналысатын сауда-саттықтағы тұтынушылармен және өніммен тікелей байланыста болатын қызметкерлерге бірқатар арнайы талаптар қойылады. Олар ең алдымен жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған. Бұдан басқа, сауда саласында қызмет материалдық құндылықтармен жұмыс істеу өте маңызды болғандықтан, оған сеніп тапсырылған құндылықтардың болмауы үшін қызметкердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қызметкерлерге қойылатын талаптар «Бөлшек сауда. Қызмет көрсететін қызметкерлерге қойылатын талаптар» ҚР СТ 1755-2008 қарастырылған. Осы стандарт бөлшек сауда кəсіпорындарының қызметкерлеріне жəне жеке кəсіпкерлерге (оның ішінде ұсақ бөлшек сауда кəсіпорындарының басшыларына) қойылатын талаптарды белгілейді.
Қызмет көрсететін қызметкерлерге мынадай талаптар қойылады:
- сатып алушылардың өмірі жəне денсаулығы үшін көрсетілетін сауда қызметтерінің жəне технологиялық процестерінің қауіпсіздігін, олардың мүлігінің сақталуын жəне қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;
- кəсіби дайындығы болуы жəне білімнің мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына сəйкес осы кəсіп үшін белгіленген біліктілік талаптарына сəйкес болу;
- қызметкерлердің кəсіби қызметтеріне қатысты қолданыстағы заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді білу, лауазымдық нұсқаулықтарды, ішкі еңбек тəртібінің ережелерін, кəсіпорын əкімшілігінің (басшысының) бұйрықтары мен өкімдерін білу жəне сақтау;
- тауарлардың сапасына жəне қауіпсіздігіне қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің негізгі ережелерін білу;
- сатылатын өнімге техникалық регламенттердің талаптарын, санитарлық-гигиеналық жəне санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерін білу жəне сақтау;
- жұмысқа тұрған кезде жəне азық-түлік сауда кəсіпорындарында жұмыс істеу кезеңінде қызметкерлер сəйкес алдын ала жəне кезеңділік медициналық қараудан өту;
- сатылатын тауарлармен қаптама материалдарының қауіпсіз өзара үйлесуін жəне қаптаманың өзара алмасуын қамтамасыз ету;
- жабдықты пайдалану, еңбекті жəне қауіпсіздік техникасын қорғау ережелерін сақтау жəне қауіпсіздік техникасы жөніндегі қорғау нұсқамадан дер кезінде өту;
Қызмет көрсететін қызметкерлер тікелей тамақ өнімдерімен, ыдыспен, өндірістік құрал-саймандармен жəне жабдықпен қатынасатын жұмыс түрлерін орындауы бойынша азық-түлік сауда кəсіпорындары үшін қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауы керек.
Қызмет көрсететін қызметкерлер стандарттар жəне келісім шарттар талаптарына сəйкес сатып алушыларға тиісті сауда қызметін көрсету сапасын қамтамасыз етуі керек, оның ішінде:
- Сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттың қол жетімділігі жеткіліктігі жəне сенімділігі;
- бағалар мен тауар чектерін таңбалауға, буып-түюге жəне ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау;
- тауарларды сату ережелерін жəне сатып алушыларға қызметін көрсету мəдениетін сақтау.
Жұмыс орындарында қызмет көрсететін қызметкерлер осы кəсіпорын үшін белгіленген үлгілі, таза жəне жұмыс жағдайындағы санитарлық немесе формалық киім жəне аяқ киім киюі керек.
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне хабарласыңыз. Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы, 83. Тел: 8 (727) 303-88-52, 243-08-22. E-mail: ktrm_almaty@mail.ru.