МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТТАРДЫ ТАБАСТАУ САЛТАНАТЫ ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНДЕ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТТАРДЫ ТАБАСТАУ САЛТАНАТЫ ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНДЕ ӨТТІ

2018 жылдың қорытындысы бойынша Эталон орталығында жаңа жыл қарсаңында мемлекеттік марапаттарды табыстау салтанаты өтті. Техникалық реттеу және метрология саласындағы үздік еңбекқор қызметкерлерді атап өтті:  

«ЕРЕН ЕҢЕНБЕГІ ҮШІН» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ: 

  •  «Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының» президенті - Әбдірахманов Азат Әбдірахманұлы,
  • Қазақстан Республикасының және СOOMET еңбек сіңірген метрологы  - Қадырова Айымгүл Удетовна,
  • «ҚазСтИн» РМК Бас директорының орынбасары - Әмірханова Еркежан Мағауияқызы;

 «Астана – 20 жыл» мерейтойлық медалі: 

  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген метрологы  - Тоқтабек Жанабілұлы Тоқанов;

 Қазақстан Республикасы Президентінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ:

  • Батыс-Қазақстан филиалының директоры - Айман Максотовна Удишева.

Комитет сәйкестікті бағалау саласында ең үздік интеллектуалдық ресурстар, ғылыми-зерттеу, ғылыми және сынақ базаларды нығайтатын негізгі түйін болып табылады. Бұл техникалық реттеудің барлық циклін қамтамасыз етуге ғана емес, тіпті жаңа ғылыми, заңнамалық, технологиялық және өндірістік шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Комитеттің жұмысы өнімдердің, жұмыстардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін техникалық реттеу үшін заңнамалық негізді және нормативтік базаны дамыту және жетілдіру бойынша басты органдармен бірлесіп жүргізіледі. Бұл - «Қазақстан метрология институты» РМК, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС.

Комитет ЕАЭО форматында мемлекетаралық бағдарламалар мен ұқсас бастамалардағы өз серіктестерімен белсенді ықпал жасайды. Мұндай көпжақты ынтымақтастық ауқымды зерттеулер жүргізуге және техникалық реттеу және метрология салаларында Инвестициялар және даму министрлігінің  реттеуші,  іске асырылған және бақылау функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Аккредиттеу, метрология, стандарттау және сертификаттауды дамыту – бұл жалғасы бар, қазақстанның техникалық реттеу жүйесіндегі жарқын жетістіктердің тұтас дәуірі.