
«АSТЕR АUTO» ЖШС қызметкерлеріне «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО 018/2011 ТР-ның талаптарын бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитеті департаментінің өкілдері түсіндірді.
Техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлкін, қоршаған ортаны қорғау және тұтынушыларды адастыратын іс-әрекеттердің алдын-алу мақсатында әзірленген, доңғалақты көлік құралдарына олардың өндірілген орнына қарамастан, олардың айналысқа шығарылған және бірыңғай Кеден одағының аумағында қолданылатын талаптары белгіленген.
Осы техникалық регламентте қамтылған техникалық реттеу объектілері: қоғамдық көлік жолдарында, сондай-ақ шассиде, пайдалануға арналған L, M, N және O санаттарындағы доңғалақты көлік құралдары; көлік құралының қауіпсіздігіне әсер ететін көлік құралдарының компоненттеріне қолданылады.
Көлік құралдары мен олардың компоненттері, егер олар осы техникалық регламенттерге сай болса, нарықта айналымға жіберіледі, бұл нарықтағы өнімдердің бірыңғай айналым белгісімен таңбалануымен расталады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің осы техникалық регламентпен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын өнімдердің сәйкестігін растау нәтижелері бойынша жасалған құжаттар, Кеден одағына мүше барлық мемлекеттерде жарамды болып танылады.
Сондай-ақ, нарықтағы өнімдердің барлығы бірыңғай таңба белгісімен белгіленеді. Нарықтағы бірыңғай таңбалану белгісі, көлік құралының бекітілген типі, сондай-ақ осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттар немесе сәйкестік туралы декларациялар берілген көлік құралдары да таңбаланады. Таңбалау кескіннің анықтығын қамтамасыз ету және өшуін болдырмау үшін, кез келген ыңғайлы тәсілмен жүзеге асырылады.
Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі, адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.


