МРК 6200 И МРКП– 1 ЖҰМЫС КОМПЛЕКТІЛЕРІНДЕ ӨЛШЕМДЕРДІ ОРЫНДАУ

МРК 6200 И МРКП– 1 ЖҰМЫС КОМПЛЕКТІЛЕРІНДЕ ӨЛШЕМДЕРДІ ОРЫНДАУ

Азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында «Сатып алу және сынау» бюджеттік бағдарламасы аясында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен жыл сайын қаптамады көрсетілген тауарлар санына өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне қатысты мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізіледі.

Қазіргі таңда Астана мен Қазақстанның басқа қаладағы тұрғындары  күн сайын қаптамадыға тауарлар немесе қаптамадыға сұйық өнімдерді сатып алу кезінде жауапсыз өндірушілермен алдануы мүмкін жағдайларға тап болып жатады. Алайда осы өнімдер қалай қапталып оралатыны жайлы ойланатындар кем де кем. Өндірушілер өз тауарларын дұрыс өлшем қаптағаны жөн болар, әйтпесе оны сату қиынға соқпақ.

Өнімдердің қаптамада көрсетілген таза салмағын тексеру МРК 6200 жұмыс комплектісін қолдана отырып қирату әдісімен «Өлшеніп буы-түйілген тауарларды буып-түю, сату және мипорттан алу кезінде кез келген түрдегі олардың санына мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі» 2.156 – 2009 ҚР СТ стандартына сәйкес жүргізіледі. Ал МРКП-1 жұмыс комплектісімен көлемі бойынша зат таңбаланған тауарлардың тығыздығы анықталады. Алынған өлшем нәтижелері мемлекеттік инспектормен («тығыздық» шамасын енгізу арқылы) тауар партиясын сынау кезінде  ГОСТ 8.579-2002 сәйкес қолданылады.

Жұмыс комплектілерімен жұмыс жасау кезінде мемлекеттік инспектор 2 немесе одан көн бақылау әдісімен жұмыс жасауға мүмкіндік алады:

- қиратпай бақылау (қаптаманы ашпай). Бұл жағдайда қапталып оралған тауарлардың орта саны алынады;

- қиратып бақылау (қаптаманы ашып). Сұрыпталған өнімдердің шамасын анықтау.

МРК 6200 және МРКП-1 жұмыс комплектілері немістің «Sartorius» және «Schutt Labortechnik» фирмаларымен шығарылған. Жұмыс комплектілері қажет болған жағдайда базалық кешен қалыптастыра алады.

МРК 6200 и МРКП– 1 жұмыс комплектілері жыл сайын тиісті салыстырып тексеруден өтіп тұрады. Осылайша бұл жұмыс комплектілері тауарлар партиясының метрологиялық талаптарға сәйкестігін тексеруге жарамдылығын танытады.