МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҚОЛДАНЫСТАҒЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҚОЛДАНЫСТАҒЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Маңғыстау облысында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді талдау және сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімдердің бірыңғай ақпараттық тізбесінің жобасын қалыптастыру мақсатында отырыс өткізілді.

Отырысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК филиалының қатысуымен ұйымдастырды.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық регламенттері «Металл конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» және «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» талқыланды. Сондай-ақ отырысқа қатысушылар арасында міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімнің бірыңғай ақпараттық тізімінің жобасын қалыптастыру бойынша  ұсыныстар айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша талқыланған ұсыныстар сәйкестік сертификаттары мен декларацияларға және Еуразиялық экономикалық одақтың СЭҚ  бірыңғай тауарлық номенклатурасына түсіндірме жазбаларға сәйкестігін ескеріп, аталған ұсыныстар комитетке жолданатындығы туралы шешім қабылданды.