
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті мамандары қайырымдылық акциясына белсенді түрде ат салысты.
Қысқы демалыс қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға азық-түлік себетін сатып алып беру арқылы қолдау көрсетті.
Көптен күткен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларға қуаныш пен мерекелік көңіл – күй сыйлау, қызметкерлер санасының жоғары деңгейін көрсетіп және осындай шаралар Департаментің ізгі дәстүріне айналғанын хабарлады.