
Техникалық реттеу жүйесінің барлық қатысушыларын келе жатқан 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл әрқайсымыз үшін мамандығына, лауазымы мен жасына қарамай ең сүйікті мейрамдардың бірі екені анық.
Жаңа жыл қарсаңында жұмысымыздың қорытындысын шығару және жоспар құру дәстүрге айналған. 2018 жылы өнімдердің қауіпсіздігі тұрғысынан техникалық реттеу саласында ұлттық заңнама деңгейінде экономиканың түрлі салалары үшін нормативтік-құқықтық құжаттар: 47 ЕАЭҚ техрегламенті қабылданды, оның ішінде 40 регламент (ойыншықтарға, сүт және ет өнімдеріне, көлікке, т/ж көлігіне, лифтілерге және көптеген басқа да тұтыну тауарларына арналған техрегламенттер) күшіне енді. Одақ деңгейінде Өнімдердің жалпы қауіпсіздігі бойынша келісімді қабылдау бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.
Техникалық реттеу жүйесінің салааралық ролін ескере отыра, елдік позицияны сапалы пысықтау және түрлі келіссөздер сценарийін жасап шығару үшін 16 өңірде Өңірлік штабтар (ҰКП, бизнес және аумақтық меморгандар) құрылған және жұмыс істейді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің үйлестіруімен әр техрегламент бойынша келіссөздер тобы құрылған. Кәсіпкерлік қауымдастықтың ағымдағы қажеттілігін есепке алу үшін Министрлік профильдік салаларда білімі бар 251 маманнан тұратын техникалық сарапшылардың: кәсіпорын инженерлерінің, сарапшы-аудиторлардың, салалық қауымдастықтардың, ғылыми ортаның және т.б. тізілімін жасап шығарды. Мембақылауды жүзеге асыру және «жедел» әрекет ету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін ЕАЭҚ техрегламенттерін бақылау бойынша шаралар жүргізу кезінде мембақылау органдарының өзара іс-қимыл тәртібі қабылданған.
Заңды іске асыруда 25 нормативтік құқықтық акті мен мемлекеттік реттеуге қатысты Өлшеулер тізбесі, 1000 ұлттық стандарт әзірленді. Мемлекет Басшысының Жолдауы шеңберінде кәсіпорындарға халық тұтынатын тауарлардың ауқымды атаутізімін игеруде мемқолдау көрсетіледі, бұл стандарттар тауарлардың жоғары сапа критерийі болатын «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға ықпал етеді. Техникалық регламенттердің, метрологиялық ережелер мен нормалардың талаптарын түсіндіру бойынша өнеркәсіптің барлық басым секторларында өз қызметін жүзеге асырып келе жатқан түрлі деңгейлердегі (қарапайым мамандардан бастап инженерлер мен менеджерлерге дейін) 1 300-ден астам қызметкер көлемді жалпы оқудан өтті.
Кетіп бара жатқан жыл 2018-2020 жылдарға арналған ISO Кеңеске мүше 20 елдің қатарына кіруімен ерекшеленеді. Сондай-ақ Қазақстан орта азия өңірі елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып 69 өлшем дерегінің халықаралық эталондарға сәйкестігін дәлелдеді (салмақ, қаттылық, температура, уақыт және жиілік, ұзындық, рН өлшеу).
Мемлекеттік қолдау және елдің басшылығы тарапынан техникалық реттеу жүйесінің мәселелеріне үнемі көңіл бөліну, Үкімет деңгейінде маңызды шешімдер мен құжаттар қабылдау біздің жетістіктерге жетуімізге айтарлықтай дәрежеде ықпал етті. Осындай шешімдердің бірі – мемлекет Басшысының «Стандарттау туралы» ҚР Заңына қол қоюы. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына эталондар мен өлшем құралдарын калибрлеуге өтуге және мемлекеттік реттеуге қатысты өзгерістер енгізілді, Мемлекеттік стандарттаудың 2019-2020 жылдарға арналған жоспары қалыптастырып, бекітілді. Қызылорда облысының аумағында уақытты есептеу тәртібі өзгертілді. Өзгерістер оң әлеуметтік-экономикалық салдарлар береді және азаматтардың денсаулығына әсер ететін физикалық дисбалансты жояды деп үміттенемін.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұлардың барлығы біздің отандастарымыздың ыңғайлы және қауіпсіз жағдайларда өмір сүріп, жұмыс істей алуы үшін жасалып отыр.
Сонымен қатар ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің потенциалы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды, экспортты алға жылжыту үшін техникалық реттеу құралдарын пайдалану жөніндегі бірлескен жоспарды іске асыру, Ұлттық стандарттау органын дамыту стратегиясын әзірлеу, сапа менеджменті жүйесінің сертификаттарын беру бөлігінде электронды ерікті сала форматына көшу сияқты жаңа мақсаттарға қол жеткізе алады.
Сонымен қатар Комитет аккредиттеу жүргізудің барлық процестерін толық автоматтандыруға көшуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта күшіне енген 40 техрегламенттің іс жүзінде барлық бағыттары бойынша жабдықталған зертханалар базасы бар, МИИДБ шеңберінде сынау базасын кеңейту де жоспарлануда (химия, энергия тиімділігі, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары және т.б. бойынша техрегламенттер).
2019-2020 жылдары техреттеу және метрология саласындағы барлық процестерді автоматтандыру және Қазақстан Республикасының меморгандарының және ЕАЭО ақпараттық жүйелерімен біріктіру, сондай-ақ Ислам елдерінің стандарттар және метрология институтына (SMIIC) толық құқықты мүше ретінде мүшелікке кіру, GLP жүйесін мониторингілеу бойынша орган құру, халал IHAF аккредиттеу бойынша халықаралық ұйымға мүшелікке кіру және ортаазиялық көшбасшы дәрежесінде аймақаралық әрекеттестікті дамыту бойынша нақты алгоритм әзірлеу жоспарланып отыр.
Өнім сапасын арттыру бойынша бірыңғай талаптар мен шараларды әзірлеу саласындағы күш-қимылдарды біріктіру Қазақстандағы бизнес-климатты және азаматтардың тұрмыс деңгейін жақсартатынына сенімдімін.
Сізді Жаңа 2019 жылмен құттықтаймын! Жаңа жылдағы ойға алған барлық ізгі тілек, үкілі үміт, ақ ниеттеріңіз орындалсын. Келе жатқан жыл жарқын жетістіктер мен жасампаз жеңістерге тола болсын! Бұл белестерді әріптестеріңізбен бірге алып, толайым табыстарға бірге жетуіңізге тілектеспін. Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, ырыс алып келсін
Келер жыл ел қазынасын еселеп, отбасыңыздың құт-берекесін арттыратын берекелі жыл болсын!
Құрметпен,
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы
Арман Шаккалиев
