
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметінің 2018 жылғы қорытындылары мен 2019 жылға арналған жоспарлары бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.
2018 жылы 15 тексеру жүргізілді, 13 заң бұзушылық анықталды, 2,1 млн.теңге айыппұл салынды, қолдануға жарамсыз 376 өлшеу құралдарын қолдануға тыйым салынды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 01.08.2014 ж. № 874 Жарлығымен бекітілген 2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды - инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының және техникалық регламенттерді, стандарттарды, оның ішінде Алматы облысының кәсіпорындары мен ұйымдарының менеджмент жүйесіне стандарттарды енгізу бойынша 2018жылы облыс кәсіпорындары 37 рет бақыланды.
Бүгінгі таңда облыстың 843 кәсіпорны менеджмент және сапа жүйесін енгізді, оның ішінде 2018 жылы – 78 кәсіпорын бар.
Кәсіпорындарды жаңа экономикалық жағдайларға бейімдеу және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штабтың 1 отырысы, ЕАЭО техникалық регламенттерін енгізу, мемлекетаралық және ұлттық стандарттар жобаларына бейімдеу бойынша 14 дөңгелек үстел өткізілді.
Ақпарат үшін Техникалық реттеу мәселелері бойынша облыс әкімінің сайтында мынадай бөлім ашылды: Техникалық реттеу және метрология және "ҚазСтИн" РМК блогы, онда мемлекеттік стандарттар, саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша ДСҰ хабарламалары, қабылданған техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар орналастырылған.
Сонымен қатар, техникалық реттеу мәселелері бойынша теледидарда 43, радиода 2 сұқбат ұйымдастырылды, облыстық, аудандық және қалалық газеттерде, "Мемлекеттік стандарт жаңалықтары" журналында 33 мақала, комитеттің, облыс әкімінің, кәсіпкерлер палатасының сайттарында "Талдықорған қаласындағы және Алматы облысындағы Бизнес"бөлімінде 173 мақала жарияланды.
Техникалық реттеуді жетілдіру жұмыстары жалғасуда.