СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН РӘСІМДЕУ КЕЗІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН РӘСІМДЕУ КЕЗІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сертификаттау органдарына ескі үлгідегі сертификаттар бланкілерін пайдалануға рұқсат етілген өтпелі кезең аяқталды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 15.11.2016 № 154 "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен нарықты жаңа жылдан толығымен ауыстыруы тиіс сәйкестік сертификатының жаңа нысаны бекітілді. Бұл ретте, әңгіме Еуразиялық экономикалық одақтың/Кеден одағының техникалық регламенттерінің қолданысына түсетін өнімге берілетін сертификаттар бланкілері туралы ғана болып отырғанын атап өткен жөн. 2019жылдың 01 қаңтарынан кейін ескі нысан бойынша ресімделген сәйкестік сертификаттарының бланкілерін пайдалануға жол берілмейді.

Ерекшеліктерді Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен бекітілген Бірыңғай құжаттарды бере отырып, Кеден одағы шеңберінде сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің бірыңғай тізбесінен өнімге ресімделген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялар құрайды.

ЕПТС өніміне ресімделген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялар "Кеден одағындағы Техникалық реттеу туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы N 319 шешімімен бекітілген сәйкестік сертификатының және сәйкестік туралы декларацияның бірыңғай нысандарына сәйкес өзгеріссіз ресімделеді.