
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде 2018 жыл бойынша Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді айналымға шығармау жұмыс тобының қызметін қорытындыланды.
Аталған жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді айналымға шығармау бойынша 2018 жылғы 28 тамыздағы 2.15.4 тармағының хаттамалық тапсырмасы шеңберінде құрылған.
Жұмыс тобының құрамына Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, Алматы қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының, Алматы қаласы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының өкілдері кіреді.
Отырыс барысында жұмыс тобының төрағасы Қанат Керімқұловпен 2018 жылғы жұмысын қорытындылап және өз құзыреті шеңберінде жүргізілген мониторингке, сондай-ақ техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді анықтау бойынша талдауға қатысты мәселелер талқыланды.
2018 жылы ақпарат алмасу барысында жұмыс тобының мүшелері арасында сәйкестікті растау бойынша берілген бірыңғай тізілімде жоқ және бұзушылықтармен сәйкестікті растау бойынша 6300 сұр құжаттар анықталды, оның ішінде 145 құжаттың (транпорттық құралдар конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік) күші жойылды және сәйкестікті растау бойынша берілген құжаттардың бірыңғай тізіліміне өзгерістер енгізілді, қалған құжаттар бойынша Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаментіне, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне, Алматы қаласының полиция департаментіне, сондай-ақ Ресейдің сәйкестікті растау органдарымен берілген құжаттар бойынша одан әрі шаралар қабылдау үшін жоғары тұрған мемлекеттік органға тиісті хаттар жолданды.
Бұдан басқа, отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім айналымына жол бермеу және барлық мүдделі тұлғаларды дереу хабардар ету шеңберінде жұмыстарды одан әрі күшейту жөнінде шешім қабылдады.