ҚОСТАНАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Арқалық бөлімі кәсіпкерлік субъектісінің жазбаша өтініші бойынша "Рубин" сауда үйінің зергерлік әшекейлерін "дөңгелек үстел"өткізді. 

 Кездесудің мақсаты асыл тастармен, зергерлік бұйымдармен және асыл тастардан және қымбат металдардан жасалған басқа да өнімдермен операциялар саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Заңын түсіндіру болды.

 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдарды сатуда келесілер болу керек екендігі кәсіпкерлерге түсіндірілді:

- уәкілетті ұйымдардың кодтарымен "Барыс басы" символы және "KZ" халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының Бірыңғай сынама таңбасы;

- зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өзінің барлық зергерлік және басқа да бұйымдарында қоятын атаушының белгісі;

- бағалы емес тасты зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде пайдалану туралы жапсырмадағы ақпарат;

- уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысы;

- Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі.

 Қатысушылар "Дубай алтыны" және "Медициналық алтын" терминдері туралы қойылған сұрақтарына жауап алды. Соның ішінде "Дубай алтыны" және "Медициналық алтын" - бұл қымбат, сәнді бижутерия, жасанды имитацияланатын, нағыз қымбат металл және көп емес ақшаға қымбат көрінеді. Шынына келсек, бұл ұғымдардың алтынмен ешқандай байланысы жоқ.