АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН ЗЕРГЕРЛЕРІНІҢ II ФОРУМЫ ӨТТІ

АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН ЗЕРГЕРЛЕРІНІҢ II ФОРУМЫ ӨТТІ

Қазақстан зергерлерінің II форумы ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің алаңында өтті. Іс-шараға қатысушылар саланың жай-күйін бағалады, сондай-ақ зергерлік өнеркәсіптің даму перспективаларын атап өтті.

Іс-шараның басты бағыттарының бірі зергерлік саланы қолдау, асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды әкелу және әкету тәртібін уақтылы тоқтату және бұзуға жол бермеу.  ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаккалиев форумды аша отырып, шикізаттың мол қоры бар Қазақстан үшін саланың әлеуетін дамыту мақсатында практикалық қадамдарды талқылау маңызды екенін айтты.

 «Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық бірлестік жағдайында ортақ бренд құру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл дегеніміз, ұлттық реттеуден жоғары реттеу шеңберінде өнімнің тек бес елдің нарығында еркін айналуына ғана емес, сондай-ақ үшінші елдерге экспортқа сенімді шығуға мүмкіндік беретін қолдау шараларынның тәсілдері үйлестірілетін болады. Практикалық сипаттағы форумның міндеті - қолданыстағы құқықтық өзара іс-қимыл шеңберінде кеден органдары, ішкі істер органдары, ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитеті арасында есеп пен ақпарат алмасуды реттеу», - деп атап өтті Арман Шаккалиев.

Сала өкілдері сыртқы нарықта елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін қандай үрдістерге шоғырлану тұрғанын және ішкі нарықта өзінің қатысуын қалай сақтау және арттыру керектігін түсінуі қажет.

«Қазір нарықтың үштен бір бөлігін түрік өнімі алады. 60%  бұл негізінен ресейлік өнім және еуропалық елдерден жасалған зергерлік бұйымдардың бір ғана бөлігі. Тек 7-10% - бұл қазақстандық зергерлік өнімдер. Неге біз өз жерімізде басқа өндірушілермен бәсекеге түсе алмаймыз? Өйткені бізде шикізаттың – сол аффинажды алтынның қол жетімсіздігі жағдайы туындап отыр», - деп атап өтті «Қазақстан зергерлері Лигасы» ЗТБ төрағасы Қайсар Жұмағалиев.

Қайсар Жұмағалиевтің айтуынша, қазақстандық зергерлік нарықтың негізгі проблемасы контрабанда. Алтын зергерлік бұйымның сапасына сенімді болу үшін сынама палатасына жүгінуге болады, ал сатып алу кезінде сынаманың болуына назар аудару керек. Қазақстандық нарықта тәртіппен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың шамамен 10 мың өндірушілері, оның ішінде ресми тіркелген 2 мыңы.

Қазақстан зергерлерінің II форумы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қанат Мусин, Балайым Кесебаеваның және мүдделі мемлекеттік органдардың (ҚМ, ІІМ), «Атамекен»ҰКП, Сынама палатасы, «Тау-кен Алтын» ЖШС және Қазақстан зергерлерінің қатысуымен өтті.

Анықтама ретінде:

Заңда Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік бұйымдарды сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі  барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын атаулы таңба бедері болмаса сатуға жол берілмейді.

2017-2018 жылдары ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері жоспардан тыс тәртіппен өтініштер бойынша (жоспарлы тексерудің күшін жоюға байланысты) әкімшілік жауапкершілікке тартыла отырып 131 тексеру жүргізді. 2018 жылғы мамырдан бастап іріктемелі (жоспарлы) тексерулер жойылды және барусыз профилактикалық бақылау нысаны енгізілді.

Қазіргі уақытта зергерлік бұйымдарға сынақ жүргізуге «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ және «Қазақювелир» АҚ, «Standart» сынамалық бағалау палатасы» ЖШС сынақ зертханалары аккредиттелген.