
Кез-келген өндірістік процесс адам өміріне және жұмысшылардың денсаулығына әсер етеді. Сондықтан да әрбір кәсіпорын өз жұмысшыларын қауіп-қатерден қорғау үшін арнайы жұмыс киімімен және аяқ киіммен, соның ішінде қызмет барысында жарақат алу, ауруға шалдығу қаупі бар кез келген жұмысшы жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Жеке қорғаны шқұралы – адамға зиянды және қауіпті факторлардың әсер етуін болдырмауға немесе азайтуға арналған, сонымен қатар ластанудан қорғау үшін адам киетін жеке пайдалану құралы. Демек, жеке қорғаныш құралын қолданудағы басты мақсат – өндірістік ортадағы адам өмірі жазатайым оқиғаның, ауруға шалдығу және өндірістік жарақаттанулардың пайда болу қаупімен байланысты.
Күнделікті өмірде қызмет барысында жеке қорғаныш құралдары көбінесе алдын алу шаралар кешенінің бір бөлімі ретінде қолданылса, апаттық, жөндеу және басқа да сирек жүргізілетін жұмыстарда жеке қорғаныш құралдары қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін ең басты шаралардың бірі болып табылады. Сондықтан азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсанда № 878 шешімімен КО ТР 019/2011 «Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бекітілді. Аталған техникалық регламент Еуразиялық экономикалық Одақ елдері аумағына әкелінген жеке қорғаныш құралдарына қойылатын талаптарды қамтиды. Сондай-ақ техникалық регламент бойынша сәйкестікті растау сәйкестік сертификаты немесе декларациясымен рәсімделеді.
Кәсіпорынның әр түрлі саласында жұмысшыларды жеке қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етудің және өндірістегі оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтап, теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті улы заттардан және биологиялық құралдардан қорғаудың маңызы зор.
Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі аталған техникалық регламентте төмендегідей:
-жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға, оның ішінде бұлар жасалған материалдардың әсер етуіне байланысты адам мен қоршаған ортаға жол берілмейтін әсердің болмауы;
- жеке қорғаныш құралдарын пайдалану барысында төменде атап көрсетілген зиянды (қауіпті) факторлар адамға әсер еткен кезде адамның қауіпсіздігін қамтамасы зету. Олар: механикалық әсерлер және жалпы өндірістік ластанулар, зиянды химиялық заттар, иондаушы және иондамаушы сәулелер, жоғары (төмен) температураның әсері, электр тогының, электр және электр-магниттік өрістердің әсері, биологиялық факторлардың әсері (микроорганизмдер, жәндіктер), төмен дәрежеде көріну.
Сонымен қатар жеке қорғаныш құралдарына төмендегідей талаптар қарастырылып, сақталуы тиіс:
-тұтынушының денесіне тиетін жеке қорғаныш құралдарының құрауыштары (маталар мен тігістер) терінің тітіркенуіне, зақымдануына алып келетін шығыңқы жерлері болмауы тиіс;
-жеке қорғаныш құралдары адам денсаулығына зиянды көлемдегі заттектерді бөліп шығармауы қажет;
-өрт және жарылыс қаупі бар ортада қолдануға арналған жеке қорғаныш құралдары ұшқын шығаруды болдырмайтын материалдардан әзірленуге тиіс;
-өзін-өзі құтқару және құтқару құралдары ретінде қолдануға арналған жеке қорғаныш құралдары орауышында және өндірушінің экплуатациялық құжатнамасында көрсетілген уақыт аралығында оларды кию (жұмыс жағдайына келтіру, қосу) немесе шешу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Жеке қорғаныш құралдарын зерттеу (сынау) және өлшеу әдістері – зерттеу және өлшеу ережелері мен әдістерінен, соның ішінде аталған техникалық регламент талаптарын қолдануға және орындауға, өнім сәйкестігін бағалауды растауды жүзеге асыруға қажетті үлгілерді іріктеу ережелерінен тұратын (стандарттау саласындағы құжаттар тізімдемесіне енгізілген) стандарттау саласындағы құжаттарда белгіленеді.
Маңғыстау облысында мұнай және газ, құрылыс және т.б. өндіріс салаларында қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіп отырған бетке ұстар кәсіпорындарымыз «Жамал-ай» ЖШС және «Жанарыс» ЖШС көптеген жылдар бойы жеке қорғаныш құралдарын шығарумен айналысып келеді. Аталған мекемелер Қазақстан Республикасының «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарында жүлделі орындарға ие.
«Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 019/2011) техникалық регламент туралы толық ақпаратты www.eurasiancommission.org Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан алуыңызға болады.

