ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА «JLC СУТ» ЖШС КӘСІПОРЫНЫН АРАЛАДЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА «JLC СУТ» ЖШС КӘСІПОРЫНЫН АРАЛАДЫ

2019 ж. 22 қаңтарда Техникалық реттеу және метрология комитеті Алматы облысы бойынша Департаментімен «ҚазСтИн» РМК филиалы бірлесе отырып, «JLC Сут» ЖШС-на өндірістік базасын аралады.

«JLC Сут» ЖШС сүт өнімдерінің 50 түрін (сүт, кілегей, май, сүзбе және т.б.) шығаратын Қазақстан Республикасындағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Кәсіпорынды аралау мақсатында Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО аясындағы техникалық реттеу және стандарттау мәселелері бойынша өз бизнесін алға жылжыту, инновациялар мен трансферт технологияларын өндіру үшін кәсіпорын пайдаланатын, кәсіпкерлік субъектісінің сұранысы негізінде ұйымдастырылады.

Кәсіпорынды аралау барысында нормативтік құжаттарды жаңарту, Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған ұлттық стандарттары туралы және КТҚК және ЕАЭО веб-сайттарын көрсету және т.б. туралы ақпараттар ұсынылды.

АҚПАРАТ ҮШІН:

Келесі бөлімдер бойынша ақпарат берілді:

- Техникалық реттеу жүйесінің құралдары: ағымдағы жағдайы;

- Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) шеңберіндегі қолданыстағы нормативтік құжаттар, нормативтік құжаттар жобалары);

- Стандарттау саласындағы 2020 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспары;

- Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтына шолу.