«БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2019 жылдың 22 қаңтарында «ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп Қызылорда облысының кәсіпорындары мен ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістерді талқылауға байланысты «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел»-дің  мақсаты - Техникалық реттеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру сипатында көмек көрсету, Еуразиялық экономикалық комиссиядан түсетін құжаттарды жедел қарауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, олар бойынша ұсыныстар дайындау.

Кеден одағының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 007/2011) техникалық регламентіне № 2 өзгеріс жобасы техникалық регламентті қолдану практикасының нәтижелері бойынша Техникалық регламенттің жекелеген ережелерін нақтылау мақсатында дайындалған.

Дөңгелек үстелде төмендегі бұйымдар талқыланып: «спорт бұйымдары мен жабдықтары, оның ішінде тиісті таңбасы бар спортпен айналысуға арналған киімдер мен аяқ киім», «тіс щеткасы, токтың химиялық көздерінен қоректенетін электрлік тіс щеткасы, қызыл иекке арналған массажерлер және ауыз қуысын күтуге арналған ұқсас бұйымдар биологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс» делінген болса, дөңгелек үстелге қатысушылар аталған өзгерістермен бір ауыздан келісетіндерін атап өтті.