ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ РАДИОЭЛЕКТРОНИКА БҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ ЗАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ДА РЕТТЕЛЕДІ

ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ РАДИОЭЛЕКТРОНИКА БҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ ЗАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ДА РЕТТЕЛЕДІ

Күнделікті біз тұрмыстық техника құралдарын қолданамыз және біздің көмекшілерімізсіз өмірді елестету өте қиын. Олардың көмегімен тамақ дайындаймыз және сақтаймыз, ақпарат аламыз және береміз, өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасаймыз.

Адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ электротехника және радиоэлектроника бұйымдарын тұтынушыларды (пайдаланушыларды) қауіпті заттардың құрамына қатысты жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында 2018 жылдың 1 наурызынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттардың қолданылуын шектеу туралы» техникалық регламенті (ЕЭО ТР 037/2016) күшіне енді. Техникалық регламент тоңазытқыштарға, кір жуғыш машиналарға, үтіктерге, салқындатқыштарға, компьютерлерге, ноутбуктерге, принтерлерге және басқа да бұйымдарға қолданылады.

Электротехника және радиоэлектроника бұйымдары оның құрамында қорғасын, сынап, кадмий, алты валентті хром, полибромдалған дефинелдер, полибромдалған дефинилэфирлер сияқты қауіпті заттар болмайтындай етіп әзірленуі және дайындалуы тиіс, олардың тұрмыстық құралдар мен бұйымдардың құрамында кездесуі адам денсаулығына қатысты ықтимал қауіп төндіруі мүмкін.

Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және декларациялау нысанында сәйкестікті растау рәсімінен өткен электротехникасы мен радиоэлектроника бұйымында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс, электротехника мен радиоэлектрониканың әрбір бұйымына оның барлық қызмет ету мерзімі ішінде нақты және анық бейнені қамтамасыз ететін кез келген тәсілмен салынады, сондай-ақ оған қоса берілетін пайдалану құжаттарында келтіріледі.

Осы регламентпен анықталған реттеудің жаңа шарттарына ЕАЭО нарығының дайындығы үшін 2020 жылдың 1 наурызына дейін сәйкестікті бағалау туралы құжаттар мен сәйкестікті бағалауды жүзеге асырмай, электротехникасы мен радиоэлектроника бұйымдарын өндіруге және айналымға шығаруға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын сақтау мақсатында ҚР ИИДМ техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Белый Ветер KZ» ЖШС заманауи сандық техниканы жеткізушімен және сатушымен ақпараттық-түсіндіру сипатындағы бірқатар іс-шаралар өткізді. «Белый Ветер» компаниясы Қарағандыда құрылған және Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және басқа да  қалаларда 40-тан астам бөлшек сауда желісі бар. «Белый Ветер» 7700-ден астам сертификатталған өнім түрін ұсынады, Intel, Microsoft, HP, Apple, Epson және т. б. сияқты әлемдік брендтермен жұмыс істейді.

Осыған ұқсас іс-шара «GARDO» ЖШС қызметкерлері үшін де өткізілді, ұйымның негізгі қызмет түрі қауіпсіздік жүйесі жабдықтарының барлық спектрін көтерме-бөлшек сату болып табылады: күзет-өрт дабылы, бейнебақылау, хабарлау жүйесі, видеодомофондар.

Іс-шара қорытындысы бойынша ЕАЭО және ҚР шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру бойынша бірлескен жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.