
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті КО ТР 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» №2 өзгеріс жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, Алматы қаласындағы «ҚазСтИн» РМК филиалының, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының өкілдері, СРО және СЗ өкілдері қатысты.
Өзгерістер жобасы техникалық регламентті қолдану практикасының нәтижелері бойынша Техникалық регламенттің жекелеген ережелерін нақтылау мақсатында дайындалды. Өзгерістер жобасын әзірлеу балалар мен жасөспірімдерге арналған өнім айналымының тұтынушылар, дайындаушылар мен нарыққа қатысушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған.
Отырыс барысында енгізілетін өзгерістер бойынша, соның ішінде КО ТР тізбесіндегі сынақ әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттары жоқ сынақ әдістеріне клиникалық сынақтар бөлігінде мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушыларға №2 жобаға өз ұсыныстарын одан әрі ҚР ИИДМ Техникалық реттеу комитетіне жолдау үшін Департаменттің атына жіберу ұсынылды.