
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдері Қазақстан стандарттау және сертификаттау филиалымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын нақтылау мақсатында «Петропавловский хлебобулочный комбинат» ЖШС барып қайтты.
85 жылдық тарихы бар кәсіпорынның өз диірмені бар, тәулігіне 50 тонна астық өңдейді. Олар ұнды (жоғары, бірінші және екінші дәрежелі), нан өнімдерін (ақ нан, қара бидай наны, нан өнімдері) және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді (печеньелер, торттар, крекер) шығарумен айналысады. Өнімдер мемлекеттік стандарттар мен ұйымның стандарттарына сәйкес дайындалады. Ұн фортификациялау процедурасынан өтеді. Өздері шығаратын сұйық ашытқыларды қолданады. Сату нарығы - Қазақстан Республикасы.
Сапар осы жылдың сәуір айында күшіне енетін Кеден одағының «Тамақ өнімдері таңбалану бөлігінде» (КО ТР 022/2011) техникалық регламентіне өзгерістер енгізуіне байланысты ЖШС өтініші бойынша ұйымдастырылды. Барлық сұрақтарға кешенді жауаптар берілді.
АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ:
«Петропавловский хлебобулочный комбинат» ЖШС – «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында «Vitalnan» өніммен 2018 жылы «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсының жеңімпазы.
Кәсіпорын өндірген өнімдері - «Скандинавский», «Полезная рожь», «Полезная пшеница», «Рожь с изюмом» наңдары Қазақстан Республикасының Бірыңғай каталогында көрсетілген.