БҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОҚУ ӨТТІ

БҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОҚУ ӨТТІ

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінде тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүргізіліп отырады.

Комитеттің 2019 жылғы 16 қаңтардағы селекторлық мәжілісінің хаттамалық тапсырмасы бойынша департаментте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті өкілінің қатысуымен техникалық оқу өтті.

Техникалық оқу сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті дағдыландыруға және қоғам тарапынан мемлекеттік қызметшілерге деген сенімді нығайтуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ринат Муратов ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және сыбайлас жемқорлық себептерін жоюға бағытталған «Ақжайық – адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» және «Protecting Business and Investments» жобалары жөнінде ақпарат берді.

Оған қоса, мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатыны және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатыны айтылды.