
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша Департаменті Семей бөлімі және Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты Семей қаласы бойынша өкілдігінің «Ғылыми аграрлық орталығы» ЖШС-мен кездесуінің тақырыбы, Семей қаласында сүтті талдау сынақ зертханасын құру болды. Кәсіпорын шаруа қожалықтарына консультациялық, ғылыми-практикалық, ветеринарлық қызметтер көрсетеді.
2018 жылы шағын ферма қожалықтарына сапалы сүттің өңдеуіне көмектесу үшін шикі сүтті талдау бойынша сынақ зертханасын ашу туралы шешім қабылданды. «Ғылыми аграрлық орталығы» ЖШС басшысы Болат Кожебаевтың айтуы бойынша, ВПК "СибАгроПРИБОР" АҚБ өндірілген Ресейлік сынақ жабдықтары сатып алынды: "Лактан 1-4M" сүт сапасының анализаторы және ақуыз, май, сүттегі соматикалық клеткалардың санын анықтау үшін сүт соматикалық жасуша анализаторы "Соматос-Мини", ҚР СТ ISO / IEC 17025-2018 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес, сынақ зертханасының сапа жөніндегі нұсқаулығы және құжаттық процедуралары әзірленді және енгізілді.
«Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 және 19-баптарына сәйкес, мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшеу құралдары, олардың типі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жүйенің тізілімінде тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Осыған байланысты Семей бөлімінің басшысы Ракш Шумаев кәсіпорынға, қолданыстағы өлшеу құралдары мен сынақ жабдығын тексеру және аттестациялауды, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны жаңартуды ұсынды.
Кәсіпорын өкілдеріне «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚРЗ, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР-ның талаптары туралы түсіндірілді, ТР ТС стандарттары тізбелері қаралды.
Барлық сұрақтар бойынша кәсіпорын өкілдеріне толық ақпарат берілді.