АЛМАТЫДА РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КЕДЕН ҚЫЗМЕТІ ӨКІЛДІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

АЛМАТЫДА РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КЕДЕН ҚЫЗМЕТІ ӨКІЛДІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Алматы қаласында Ресей Федерациясының аумағында сәйкестікті растау бойынша Қазақстандық органдар берген өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі құжаттарды тану шеңберінде Алматы қаласы бойынша ТРМКД және Қазақстан Республикасы кеден қызметі жанындағы Ресей Федерациясы кеден қызметі өкілдігінің Алматы өңірлік секторы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Жұмыс кездесуіне Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының, «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласындағы филиалының, «ҰАО» ЖШС Алматы қаласындағы өкілдігінің, «Казэкспоаудит» ЖШС СРО өкілдері қатысты.

Департамент басшысы Сауықбек Қапаев Ресей Федералдық кеден қызметінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау жөніндегі органдары Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне бірыңғай нысан бойынша берген сәйкестікті растау жөніндегі құжаттарды мойындаудың қазіргі кездегі проблемалары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, кездесуде Ресей Федерациясының сертификаттау органдары берген сәйкестікті растау құжаттарын талдау нәтижелері туралы және Алматы қаласы бойынша кеден органдары кедендік ресімдеген құжаттардың деректері негізінде ақпарат айтылды.

Ресей Федерациясы кеден қызметі өкілдігінің өкілдері өнімнің сәйкестігін растау жұмысы кезінде Ресей Федерациясының сертификаттау органдары тарапынан жіберілген анықталған бұзушылықтар туралы ақпараты қызықтырды.

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша ашық диалог және нәтижелі пікір алмасу өтті, сондай-ақ тараптар өзара ақпараттық қолдау көрсету бөлігінде, одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге келді.