
Қазақстанда бүгінгі күні жаңа бизнес-бастамаларға қолдау көрсететін және бизнес-секторды қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бар. Осындайбағдарламалардыңбірібойынша "Арқалықсүт" ЖШС пастерленген сүт өндіру бойынша өз бизнес жобасын іске асыруда.
"Арқалықсүт" ЖШС бастамасымен 30 қаңтарда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Арқалық бөлімінің басшысы Надежда Лисовская мен Қостанай филиалының"Ұлттық сараптау және сертификат тауорталығы" АҚ ОЭПС бас маманы Құрманғали Теміровтың қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізілді.
"Арқалықсүт" ЖШС цехына бару барысында пастерленген сүтті өндіруге арналған бақылау және техникалық құжаттаманы қалыптастыру тәртібі түсіндірілді. Өнімді шығару туралы шешім қандай жағдайларда қабылданатыны туралы толығырақ тоқтадық;
- оң қорытынды қабылданғанда (дегустациондық комиссиямен);
- бекітілген рецептуралар мен технологиялық нұсқаулықтардың болуы;
- белгіленген тәртіппен бекітілген және тіркелген өнімнің сапасына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың болуы;
- ветеринарлық-санитарлық және гигиеналық талаптарға сәйкес тамақ өнімдерін, пастерленген ауыз сүтін өндірістік бақылауды ұйымдастыру.
Сондай-ақ "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" КО ТР талаптарына сәйкестігін растау мақсатында аккредиттелген сынақ зертханаларында дайын өнімге сынақ жүргізу қажеттілігіне назар аударылды. Қалыптастырылған дәлелді құжаттардың нәтижелері бойынша өндіруші ЕАЭО сәйкестігі туралы декларацияны қабылдау үшін аккредиттелген органға жүгіне алады.
Ауыз су сүтін буып-түюге және таңбалауға қойылатын талаптар бойынша толық ақпарат берілді. Өнімді сериялық шығаруға қою бойынша мәселелер толық көлемде қаралды.