МЕДИЦИНАЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ

Ауруларды диагностикалау және емдеу кезінде өлшеудің дұрыс нәтижелерін қамтамасыз ету өлшем бірлігін және аккредиттеуді қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың негізгі мақсаты болып табылады.

«ДИАЦЕНТ» медицина орталығында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қазақстан метрология институтының Қарағанды филиалының өкілімен бірігіп семинар өткізді.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу және медициналық зертханаларды ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапасына қойылатын талаптар және құзыреттілік», Қарағанды облысының медициналық мекемелердің зертханашы-дәрігерлер үшін семинардың тақырыбы болды.

Медициналық зертханалардың қызметтері пациенттердің ауруларын диагностикалау және емдеу үшін ғана емес, сондай-ақ аурулардың алдын алу үшін де маңызы зор екенін атап өтті, сондықтан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге жауапты пациенттер мен зертхана қызметкерлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс.

ҚР СТ ISO 15189-2015 медициналық зертханалардың құзыреттілігі мен сапасына, оның ішінде аккредиттеу кезіндегі өлшеу құралдарына қойылатын талаптарды, өлшеу құралдарын, оның ішінде қанның биохимиялық анализаторларын, гематологиялық анализаторларын және т.б. салыстырып тексеруді (калибрлеуді) жүзеге асыру үшін стандартты үлгілерді қолдану тәртібін және медициналық мақсаттағы өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуін белгілейді.

Сонымен қатар Департамент мамандары мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету және аккредиттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірді.

Заңнамаларды талқылау қорытындысы бойынша нәтижелі пікір алмасып, семинардың қатысушылары қойған сұрақтарға жауаптар алды.