
Қытай делегациясын бастап келген «CCIC Xinjiang CO.,Ltd.»/ «CCIC Almaty» ЖШС-нің бас директоры Сунь Яньбинь мен ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Айтмұхан Мусин Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда мәселелері жөніндегі хаттамаға қол қойды.
Хаттамаға сәйкес тараптар ынтымақтастықты нығайтуға, сауданы екіжақты дамытуға ықпал етуге, екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын тереңдетуге жан-жақты келісімге келді.
«Қорғас» ХКЫО-дағы жұыс жиналыс уақытында стандарттарға, сапаға, карантинді қадағалауға, екі ел арасындағы саудада өнімді сертификаттауға қатысты көтерілген барлық мәселелер талқыланды және келісілді, нақты келісімдерге қол жеткізілді.
Жиналыс барысында мал өнімдерінен және өсімдіктен жасалатын өнімдердің карантині жөніндегі ҚХР кеденінің талаптары, тамақ өнімін тіркеу және маркерлеу назарға алынды.
Қытайдың Сапаны сертификаттау орталығы тамақ өнімін сертификаттау және органикалық өніді сертификаттау талаптарымен, сондай-ақ халал сертификаттауға қатысты тиісті саясатпен таныстырды.
Жиналыс соңында тараптар екі ел арасында сауданы жылжыту жөніндегі техникалық жұмыс тобын құру мүмкіндігін бекітті, сондай-ақ жұмыс тобының құзыретін айқындады: карантинді (барлық түрі бойынша) инспекциялау, сертификаттау және аккредиттеу, нарыққа қол жеткізу стандарттары мен қағидалары. Тараптар бір-біріне олар білуі қажет мүдделі өнімнің нарыққа түсуіне арналған талаптар тізбелерін ұсынуға, тараптар өзге тараптың тізімі бойынша кеңес алу үшін және шұғыл жауап қайтару үшін тиісті үкіметтік орагндарға жүгінуге шешім қабылдады.

