
31 қаңтар 2019 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті мамандарымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Отырыс барысында Департаменттің бас маманы Мақсат Мұрымбай бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау жүргізу, тексеруді ЕСП жүйесіне енгізу бойынша Департамент қызметкерлеріне слайдпен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Отырысқа қатысушылар арасында Тексерудің бірыңғай жүйесі (ЕСП) бойынша талкылау болып, сұрақтарға жауаптар алынды.
Сонымен қатар, отырыс барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту және оларды қарау тәртібі туралы Департаменттің бас маманы м.а. Айжанат Мұханова өз баяндамасын оқыды. Баяндама негізінде мамандар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.
Отырыс соңында Департамент мамандарымен тексеру тағайындау туралы актілерді Тексерудің бірыңғай жүйесі (ЕСП) арқылы тіркеу барысында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібіне сәйкес кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі шешім етілді.

