
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Филиалы өкілдерімен бірлесе отырып, «Алматинский электромеханический завод» ЖШС-нда кәсіпорынына барды.
«АЭМЗ» ЖШС – Қазақстан Республикасындағы ең ірі ішкі және сыртқы қондырғының жиынтықты тарату құрылғыларының, өнеркәсіптің әртүрлі салалары мен энергиямен жабдықтау жүйелеріне арналған жиынтықты трансформаторлық қосалқы станциялардың (КТП), сондай-ақ стандартты және стандартты емес тарату шкафтық конструкциялардың өндірушісі.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты болып:
жоғары вольтты жабдықтар
төмен вольтты жабдықтар
стандартты емес электротехникалық жабдықтар
жиынтық-трансформаторлық қосалқы станцияларды кең спектрлі шығару табылады.
«АЭМЗ» сондай-ақ жеткізілетін жабдықтың жобалық, монтаждық және іске қосу-жөндеу жұмыстарын орындайды.
Зауыт өнімі жаңа технологияларды қолдану негізінде әзірленеді және сандық бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықта дайындалады.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бас маманы Ринат Имашев техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы, сонымен қатар РҚ Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.
Аталған іс-шараның мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасы шеңберінде қызықтыратын ақпаратты түсіндіру болып табылады.
