
Ағымдағы жылдың 5 ақпанында ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу семинары өтті.
Департамент басшысы Алия Ахметова «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты семинарға қатысқан департамент мамандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға барынша тиімді де қатаң тәсілдер қолдану қажет. Бірінші кезекте балаларды, жастарды сыйбайлас жемқорлықты қабылдамауға тәрбиелеу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет формальдық тәсіл болмауы тиіс. Сол кезде сыбайлас жемқорлық көріністері де азаяды деп хабарлады.
Оқу соңында департамент мамандарына арналған келесідей үндеу қабылданды: «Егер мемлекетті гүлденген, өркениетті етіп көрргіміз келсе, әр баланы халыққа адал қызмет етуге, заңды құрметтеуге, әділ болуға үйретуіміз қажет, елдің жарқын келешегіне атсалысуымыз қажет. Қоғамдағы барша тұрғындарды «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» деуге, онымен бірлесіп күресуге шақыруымыз қажет».