«Автокөлік және авиациялық бензинге, дизель және теңіз жанармайына, авиакеросинге және мазутқа қойылатын талаптар туралы»

«Автокөлік және авиациялық бензинге, дизель және теңіз жанармайына, авиакеросинге және мазутқа қойылатын талаптар туралы»

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті тұтынушыларға, Қазақстан Республикасы аумағында, «Автокөлік және авиациялық бензинге, дизель және теңіз жанармайына, авиакеросинге және мазутқа қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының 013/2011 техникалық регламентіне сәйкес, K4 (Евро-4) экологиялық класынан төмен бензин мен дизель отынын өндіруге және сатуға тиым салынатындығын білу қажет екендігін хабарлайды.

            Аталған техникалық регламент, Кеден одағының аумағында шығарылатын және айналымға енгізілетін отынға арналған. Техникалық регламенттердің талаптарын қанағаттандыратын өнімдер ған, айналымға шығарылады. Өнімнің сәйкестігін растау, декларация түрінде жүзеге асырылады.

            Автокөлік бензині мен дизель отыны саудаланғанда тұтынушыларға қол жетімді орындарда, жанармайдың атауы, маркасы, оның ішінде экологиялық класы туралы ақпарат, сонымен қатар осы мәлімет, кассалық  түбіртектерде де көрсетілуі керек.

            Тұтынушының өтініші бойынша, сатушы жанармайдың сапасы туралы құжаттың көшірмесін көрсетуге міндетті.

Дизель отынының немесе бензиннің дұрыс жануы үшін, олардың бірқатар қасиеттері болады, олардың ішіндегі ең маңыздылары, бензинде октан саны, дизель отынында цетан саны.

 К4 класты  бензиннің октан саны, кемінде 80 болуы керек.

К4 класты жазғы дизель отыны үшін, цетан саны кемінде 51, ал қысқы дизель отыны үшін 47-ден кем емес болуы қажет.