
Алматы облысы бойынша ТРМК Департаменті "АВЗ"ЖШС ұжымымен жұмыс кездесуін ұйымдастырды.
Кәсіпорын шығаратын өнім (климаттық техниканы әзірлеу, дайындау және өткізу) Кеден одағының 010/2011 "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" атты техникалық регламенттін талаптарын қанағаттандыру қажет.
Кездесу 01.02.2019 жылы тікелей өндірісте өтті.
Жұмыс кездесуінің мақсаты: "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" КО 010/2011 техникалық регламенттінің талаптарын түсіндіру болды.
Түсіндіру жұмысы барысында кәсіпорын ұжымына, техникалық регламент кәсіпорын өндіретін өнімге таратылады және сәйкестігі міндетті расталуға жатады және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі машиналардың және (немесе) жабдықтардың әрбір бірлігіне машинаның және (немесе) жабдықтың бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде айқын және анық бейнені қамтамасыз ететін кез келген тәсілмен салынады.
Сондай-ақ жоғарыда аталған техникалық регламенттің талаптары таратылмайтын машиналар мен жабдықтардың тізбесі келтірілген, мысалы: медициналық мақсатта қолданылатын және пациентпен тікелей байланыста пайдаланылатын жабдықтар (рентген, диагностикалық, терапевтік, ортопедиялық, стоматологиялық, хирургиялық жабдықтар), теңіз және өзен көлік құралдары (кемелер мен жүзу құралдары, оның ішінде оларға пайдаланылатын машиналар және (немесе) жабдықтар), пайдалануда болған ұшу және ғарыш аппараттары, машиналар және (немесе) жабдықтар немесе оларды дайындаушылардың өз қажеттіліктері үшін дайындалған, сондай-ақ машиналарды және (немесе) жабдықтарды жөндеу (техникалық қызмет көрсету) үшін пайдаланылатын машиналарға арналған жинақтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектер және т. б.
КО 010/2011техникалық регламенті бойынша қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

