ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ "БАҒАЛЫ МЕТАЛДАР МЕН АСЫЛ ТАСТАР ТУРАЛЫ" ЗАҢЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ "БАҒАЛЫ МЕТАЛДАР МЕН АСЫЛ ТАСТАР ТУРАЛЫ" ЗАҢЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы  бойынша департаменті зергерлік бұйымдарды  сатушы кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Заңын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасының "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Заңына сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдарды сату кезінде: уәкілетті ұйымдардың кодтарымен "Барыс басы" символы және "KZ" халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының Бірыңғай сынама таңбасы; бағалы емес тасты зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде пайдалану туралы жапсырмадағы ақпарат; уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысы; Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісінің болуы қажеттігі түсіндірілді.

Кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"  кодексінің 190-1 бабына сәйкес аталған заң талаптарын бұзған жағдайда айлық есептік көрсеткіштің 50-ден 150-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл түрінде, белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы түсінік берілді.

Кездесудің қорытындысы бойынша зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын кәсіпкерлердің  ұсыныс пікірлері  тыңдады.