
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстңк Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары және «ҚазСтИн» РМК СҚФ-мен бірлесіп бөтелкеленген «Ханская» суды шығаратын С.Т. Жулдубаев ЖК кәсіпорнына барып қайтты.
Кездесудің мақсаты техникалық реттеу, стандарттау, нормативтік-техникалық құжаттарды жаңарту саласындағы заңнаманың талаптарын түсіндіру болды.
«Ханская» бөтелкеленген су өндірісі 2016 жылы құрылды. Өндірісте нанофильтрлеу технологиясы бактериялардан, вирустардан, микроорганизмдерден, органикалық қосылыстардың (пестицидті қоса алғанда) кокоидты бөлшектерінен, ауыр металдардың молекулаларынан, нитраттардан және басқа зиянды қоспалардан тазартылған таза су алу үшін қолданылады.
«Ханская» бөтелкеленген судың сәйкестігін растауы өтті, қолайлы баға бар және тұтынушылардың талаптарына жауап береді. Хан суын Солтүстік Қазақстан облысында ғана емес, сонымен қатар шет елдерде тұтынушылардың кең ауқымы пайдаланады.
Кәсіпорынға барған кезде ЕАЭО «Қораптағы ауыз судың, оның ішінде табиғи минералды судың қауіпсіздігі туралы» ТР 044/2017 ережелері түсіндірілді, оның талаптарын кәсіпорын басшылыққа алу керек.
Кездесу қорытындысы бойынша нормативтік құжаттарды, ЕАЭО ТР пайдалану және жаңарту, сондай-ақ ИСО-ны кәсіпорынға енгізу жөнінде ұсыныстар берілді.