АЛМАТЫДА СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ МЕН СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТТІ

АЛМАТЫДА СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ МЕН СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары "ҚазСтИн" РМК Алматы қаласы бойынша филиалы ұйымдастырған техникалық оқуға қатысты.

"ҚазСтИн" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының БМБФҒТД сүйемелдеу бөлімінің бастығы Жанар Нұрбаева "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 15.11.2016 жылғы № 154 шешімімен қабылданған сәйкестік сертификаты мен сәйкестік декларациясының негізгі өзгерістерін түсіндірді, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтарда өтпелі кезең аяқталғанын, оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдарға ескі үлгідегі сертификат бланкілерін пайдалануға рұқсат етілген.

Сондай-ақ, ол ұлттық сәйкестік сертификаттарының, сәйкестік декларациясының жаңа нысандары 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап (өтпелі кезең 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін) енгізілгенін хабарлады. Сәйкестік сертификаттарының, сәйкестік туралы декларациялардың нысандары және оларды толтыру тәртібі " тақырыбында баяндама жасады және ҚР СТ 3.4-2017 №1 өзгеріс жобасымен таныстырды.