"ДОРМАШ ЧТЗ" ЖШС-ЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ

"ДОРМАШ ЧТЗ" ЖШС-ЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Дормаш ЧТЗ" ЖШС ұжымымен жұмыс кездесуін ұйымдастырды.

Техникалық регламент, бірыңғай кедендік аумақта доңғалақты және шынжыр табанды ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелеріне қойылатын бірыңғай қолдану және орындау үшін міндетті талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді.

Техникалық регламент шығарылған еліне қарамастан, кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын жаңадан дайындалатын және әкелінетін доңғалақты және шынжыр табанды ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларына (бұдан әрі – тракторлар) және олардың тіркемелеріне (бұдан әрі – тіркемелер) қолданылады.

Аталған техникалық регламент:

жеке тәртіппен, сондай-ақ жеке шығармашылық тәртібімен дайындалатын тракторлар мен тіркемелер;

кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылған, бұрын пайдалануда болған немесе кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында жөндеуге ұшыраған тракторлар мен тіркемелерге күші жүрмейді.

Кәсіпорын өндіретін өнім, осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті растауға жатады, ол кейіннен сәйкестікті декларациялау немесе сертификациялау арқылы мемлекеттік тіркеу нысанында жүзеге асырылады, ол кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.

Кеден одағының осы техникалық регламенті, адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды (пайдаланушыларды) олардың мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында тракторларға, тіркемелерге және олардың компоненттеріне қойылатын талаптарды белгілейді.