
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Қазақстан зергерлік лигасы» Шымкент қаласы филиалымен ұйымдастырылған дөнгелек үстелге қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Standard» сынама бағалау палатасының, ломбардар және базарлар өкілдері мен бағалы металдан және асыл тастан жасалған зергерлік бұйымдарды сатушылар қатысты.
Дөнгелек үстел өткізу барысында, «Бағалы металдар мен асыл тарстар туралы» Қазақстан Республикасы заңының негізгі талаптары, Қазақстан Республикасына асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды алып келу тәртібі, оларды сараптама жүргізу қағидалары, атаулы таңбаны тіркеу және алу, ломбардтармен сауда қызметін жүзеге асыру ережесі талқыланды.
Қатысушыларға бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға бармай профилактикалық бақылаудың басталғаны және оның жүргізу тәртібі туралы мәлімет берілді.


