
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне кіру тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған дөгелек үстелге Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің түлектері қатысты.
Дөңгелек үстел аясында департаменттің бас маманы Гулнур Тухметова ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру тәртібі туралы түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекетік қызметтің негізгі қағидаттары мен мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi түсіндірілді.
Түлектердің сұрақтарына жауап беру кезінде, «Мемлекеттік қызметті орындау қоғам мен мемлекет жағынан арнаулы сенімінің көрінісі болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық сипатына жоғары талаптар қойылатындығы» айтылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, болашақ мамандар өткізілген кездесудің маңыздылығын атап өтті және департаментте тәжірбиеден өту мүмкіндіктерін білдірді.