
Жаңа туған нәрестеге арналған бірінші арбаны таңдау-оңай емес. Жарқын түстерден және модельдік қатардың байлығы көздің жауын алады. Кейде бұл шексіз арба қатарларын қарауды аяқтау үшін бірінші тапқаныңды алып кеткің келеді. Бірақ асықпау керек! Ыңғайсыз, ауыр және бұрылмайтын арба маңызды проблема болуы мүмкін. Сонымен қатар, біз балалар тауарлары тек қана ыңғайлы және әдемі емес, сапалы және қауіпсіз болуы керек екенін білеміз.
Осыған байланысты, балалар арбаларына «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптары қолданылады. Балалар арбалары көлденең және көлбеу (10° бұрышында) жазықтықта орнықты болуы тиіс, тежегіш және бұғаттау жүйесі болуы тиіс.
Арбалардың баламен қарым-қатынаста болатын үшкір шеттері, тораптары мен бөлшектері болмауы тиіс. Диаметрі 5 мм-ден көп және 12 мм-ден аз ашық тесіктер, саңылаулар болмауы тиіс. Ашық арбаларда баланың арбадан түсіп кетуінің алдын алуға арналған құрылғылар (қауіпсіздік белдіктері, қоршаулар және басқа ұқсас құрылғылар) болуы тиіс, арбаның арқасы пішім тұрақтылығына төзімді болуы тиіс.
Арбалардың тежегіші және бұғаттау жүйесі арбадағы бала үшін қол жетімсіз болуы тиіс немесе оларды жабу және ашу бір уақытта екі қолмен немесе арнайы құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Өздігінен қозғалуына (жиналмалы тұтқалар) және алынбалы-салынбалы бөлшектердің (шанақтың) жұмыс қалпынан іске қосылуына жол берілмейді.
Арбалардың тоқыма материалдары мықты болуы, эталондардың сұр шкаласы бойынша кемінде 3 балл үйкелуге төзімді болуы тиіс.
Арбалардың жабық шанағының сыртқы қаптамасы су өткізбейтін немесе су өткізбейтін тысы болуы тиіс.
Арбаларды тасымалдауға арналған тұтқалар, белдіктер, қапсырмалар және өзге де құралдар 30 кг жүктемені көтеруі тиіс. Реттеуіштер мен құлыптарды қоса алғанда, қауіпсіздік белдіктерінің беріктігі 150 Н кем болмауы тиіс.
Арбаларды дайындауда қолданылатын тоқыма материалдары осы Техникалық регламенттің қосымшаларындағы химиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс. Су ортасында сынау кезінде уыттылық индексі 70 - тен 120 пайызды қоса алғанға дейін, ауа ортасында-80-нен 120 пайызды қоса алғанға дейін болуы тиіс немесе жергілікті тері тітіркендіргіш әсері болмауы тиіс.
Тері жабынымен жанасатын материалдардағы зиянды заттардың бөлінуін анықтау су ортасында, ал қалғандары ауа ортасында жүргізіледі.
Арбалардың конструкциясы жарық қайтарғыш және сигналдық элементтерді орнату мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Әрине, тұтынушы жоғарыда аталған қауіпсіздік көрсеткіштерін өз бетінше анықтай алмайды. Осыған байланысты, нарыққа айналымға шығарар алдында өндірілетін және елге әкелінетін балалар арбалары осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалау (растау) рәсімделуі тиіс.
Қауіптілік дәрежесін анықтау үшін әрбір критериясы бойынша аккредиттелген сынақ зертханалары сынақтар жүргізеді және өнім Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келген жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш берушіге сәйкестік сертификатын береді.
Осыған байланысты, балалар арбасын сатып алу кезінде сатып алушы тауардың қауіпсіздігін растайтын құжатты, яғни сәйкестік сертификатын беруді талап етуі қажет.
Толық ақпаратты Сіз ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыз.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2. Тел.: 8 (727) 392-15-03, 392-13-66. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.
Бас маман Кәрібжанова Меруерт Саметқызы, тел: 8 701 570 74 23