КӘСІПОРЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ИГЕРУДЕ

КӘСІПОРЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ИГЕРУДЕ

2019 жылғы 13 ақпанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінің және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК филиалының өкілдері әртараптандырылған өнеркәсіптік-коммерциялық кәсіпорын «Тәуекел» ЖШС-да болды.

Компания өндірістік және тұрғын үй құрылысын, электрмен жабдықтау желілері қызметін, сыртқы электр жарығын, ішкі электр жарықтандыру және электр жылыту жүйелерін орнатуды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, сұйытылған газды жеткізу, құрылыс және оқшаулағыш материалдарды, соқпақ плитасын, тас төсеуіш пен жиектастарды өндіру және сату, металл пластикалық терезелерді, есіктерді, қалқандарды, аркаларды, сонымен бірге алюминийден жасалған витраждар мен есіктерді өндіру мен монтаждау, аспалы төбелерді орнатумен айналысады.

Компания 2009 жылы ИСО 9001:2008 талаптарына сапа менеджменті жүйесі сертификатын алған, сондай-ақ экологиялық менеджмент жүйелеріне сәйкестік сертификаты бар.

Кездесу барысында техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманың талаптары түсіндірілді.