АЛМАТЫДА ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АЛМАТЫДА ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2019 жылдың 13 ақпанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті  Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "Жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК-ның қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.

Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінде қалалық Жедел медициналық жәрдем станциясы медициналық көмектің бұл түрінің әлеуметтік маңыздылығы және көрсетілетін көмек көлемі бойынша маңызы зор, себебі бұл – тұрғындардар тарапынан жоғары сұранысты мемлекеттік медицина ұйымы болып табылады.

Қалалық медициналық жедел жәрдем стациясы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қала тұрғындарына кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсететін ұйым.

Бүгінгі күні, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК –  бұл республикадағы тармақталған қосалқы станциялар желісі, заманауи санитариялық автокөліктері мен білікті кадрлары бар ең ірі жедел медициналық көмек көрсету ұйымы болып табылады. Жедел медициналық жәрдем қалалық денсаулық сақтау саласының маңызды құрылымдық бөлімі болып табылады, ұйымның тиімді жұмысы қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтаудың өткір әлеуметтік мәселелерін нәтижелі шешуге зор ықпалын тигізеді.

Кездесу барысында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Айнұр Кенжеғұлова, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.