ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ

Адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғау, тұтынушыларды, пайдаланушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мамандары институттардың филиалдарымен бірлесіп «Эргономика»  ҒӨФ ЖШС-де түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Компания 20 жылдан астам энергия үнемдейтін технологияларды енгізу мәселесімен айналысады. Сумен жабдықтау, жылыту, ауа баптау және жарықтандыру саласындағы мәселелерді шешу бойынша үлкен практикалық тәжірибе жинақталған. Суды тазалау жүйелерін, сорғы станцияларын, натрий гипохлоритін өндіруге арналған электролизді қондырғыларды және т. б. өндіруші және өткізуші болып табылады.

Кездесу барысында қатысушыларға Кеден одағының 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» және 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық регламенттерінің талаптары түсіндірілді.

Техникалық регламентке сәйкес, электромагнитті үйлесімділік - бұл техникалық құралдың берілген электромагнитті жағдайда берілген сапамен жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагнитті кедергілер тудырмау қабілеті. Қазіргі таңда электржабдықтарының көп саны шығарылады және қолданылады, олардың орналасқан жерінде жұмыс істейтін техникалық құралдарға кедергі келтіретін сәулеленудің әртүрлі түрлері жұмыс істейді. Техникалық құрал оны мақсаты бойынша қолдану және монтаждауға, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға және техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды орындау кезінде техникалық құралмен жасалатын электромагниттік бөгеуілдер байланыс құралдары мен басқа да техникалық құралдардың олардың мақсатына сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ететін деңгейден аспайтындай, сондай-ақ техникалық құрал қолдануға арналған электромагниттік жағдайда оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін электромагниттік бөгеуілдерге тұрақтылық деңгейі болатындай етіп әзірленуі және дайындалуы тиіс.

Қатысушыларға техникалық реттеу, өлшем құралдарының типін бекіту және осы құралдарды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізу саласында туындаған сұрақтарға мамандар түсініктеме берді.