ІШКІ НАРЫҚТЫ СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ӨНІМДЕРДЕН ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТТАРДАН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

ІШКІ НАРЫҚТЫ СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ӨНІМДЕРДЕН ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТТАРДАН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, ішкі нарықты сәйкес келмейтін өнімдерден және заңсыз берілген сәйкестік сертификаттардан қорғау бойынша жүйелі шаралар әзірлеу мақсатында дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Отырысқа ҚР ҚМ Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік бақылау бөлімінің басшысы Сәкен Смадьяров және бас маман Рахила Өтегенова, Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің басшысы Анар Шайхимова, «КазИнСт» РМК АФ директоры Надежда Дю және «ҰССО» АҚ АФ бөлім басшысы Айман Масабаева қатысты.

Отырыс барысында «сұр» сертификаттар бойынша мәселелер талқыланып, «Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және ҚР СТ 3.4-2017 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесі. Сәйкестік сертификаттарының, сәйкестік туралы декларацияның нысандары және оларды толтыру тәртібі» туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 15.11.2016 №154 шешімі бойынша сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік декларациясының негізгі өзгерістері түсіндірілді.

Сондай-ақ тыңдаушылар ҚР СТ 3.4-2017 № 1 өзгеріс жобасымен танысты.

Бұдан былай өнімнің сәйкестігін растау туралы куәландыратын құжаттарды ұсыну нысанында жалған құжат беру фактілері анықталған жағдайда (сәйкестік туралы сертификаттар мен декларациялар, сондай-ақ сынау хаттамалары), материалдар ҚР ҚК 385-бабына сәйкес құқық қорғау органдарына берілетін болады.

Отырыс соңында тараптар бірігіп күш салу арқылы, тұтынушыны сапасыз және сертификатталмаған өнімдерден қорғауға болады деген ортақ пікірге келді.