ЭТАЛОН ОРТАЛЫҒЫ ҒИМАРАТЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ТУРАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ЭТАЛОН ОРТАЛЫҒЫ ҒИМАРАТЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ТУРАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы және Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің эксперт-геральдисті Айдын Ырысбекұлының қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Астана қалалық Департаментінің басшысы алғы сөзінде: кәсіпкерліктің әртүрлі салаларында стандарттарды қолдану тәжірибесі техникалық реттеу саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатындығын атап өтті. 

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символдарынан басқа өнім болып табылады және кез-келген өнімдер нормативтік құжаттармен белгіленген талаптарға сай болуы керек, біздің жағдайда бұл ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы» ұлттық стандарттары. Жалпы техникалық талаптары» және ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық талаптары». Осы стандарттар ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің мүдделі тұлғаларының ат-салысуымен Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен бекітілген», – деді ол.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекеттік Елтаңбаның техникалық талаптары мен ҚР мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы туралы сөз қозғады.

«Кез-келген реттеу заңдылық құқықтық негізде бастау алады. 2018 жылы ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық талаптар» ұлттық стандартқа өзгеріс енгізілді. Яғни, «ҚАЗАҚСТАН» деген сөзді латын қарпіне «QAZAQSTAN»  барлық мәтін стандартына ауыстыру. Аталған стандарт Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Төрағасының бұйрығымен бекітілген», – деді Сапиев Бахытжан.

Елтаңбадағы «ҚАЗАҚСТАН» деген сөзді латын қарпіне ауыстыру  ұлттық стандартына  енген өзгерістерге түсініктеме бере отырып, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков ҚР Елтаңбасындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңба тарихы мен элементтерін сипаттайтын  «Қазақстан Елтаңбасы» методикалық әдістемесіне түсініктеме берді.   

Ұлттық символ философиясын көрсететін «Қазақстан Елтаңбасы» методикалық әдістемесі ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық талаптары» ұлттық стандартына  ұсыныс ретінде енді. 

Материал жоғарыда көрсетілгендерді терең түсінуді және Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыруға қатысты насихат жұмыстарын жүргізу үшін қолдануға ұсынылған иллюстрацияларда ұсынылған.

Жанбарбек Мәлібековтың авторлық жұмыстары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын құру және өзгерту тарихымен толығырақ танысуға мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік Елтаңбаның тұжырымдамасына енген Мемлекеттік Елтаңбаның қалыптасу тарихы, Қазақстанның салт-дәстүрі мен мәдениетінің элементтерін қолдану мәндерін методикалық әдістеме ретінде қарастыруға болады. Яғни, Біздің мемлекетіміздің философиясын таныстыруға көмек береді», – деді рәміздердің бас авторы Жанбарбек Мәлібеков.

Әдістемелік нұсқаулықтың негізі  – тәуелсіз мемлекетті, ғасырлық тарихы бар, үйлесім мен достықта, бірлік пен жаратылыста өмір сүретін  – Мәңгілік Елді бейнелейтін жалпыұлттық көзқарас, шығармашылық жұмыс және тарихи құндылықтар. Терең философиялық идеямен қатар, автор осы нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, насихаттау және өндіруді реттейтін нормативтік-құқықтық базаны шолуды ұсынды.