АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ЖҮРГІЗІЛДІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде Алматы қаласы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары К.К.Джуманова "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу " тақырыбында техникалық оқу өткізді.

Аталған техникалық оқудың мақсаты департаменттің мемлекеттік инспекторымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері мен тәртібін түсіндіру болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негізі ҚР ӘҚБК 810-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам оның жасалу фактісін мойындап, ҚР ӘҚБК Ерекше бөлімінің санкциясында көрсетілген баптың елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеумен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамаса болып табылады.

ҚР ӘҚБК 810-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу ҚР ӘҚБК 810-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес:

- бап санкциясында ескертуді қоспағанда, жазаның басқа түрлері қарастырылған кезде:

ҚР ӘҚБК 811-бабына сәйкес:

1. Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған адам анықталған кезде ҚР ӘҚБК 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды және тұлғаға жеті тәулік ішінде баптың санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын түсіндіреді.

Хаттаманы жасаған уәкілетті адам адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін белгіленген үлгідегі квитанциясы бар табыс етеді.

2. Көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде айыппұл төленген жағдайда іс мәні бойынша қаралған, шешім-заңды күшіне енген, ал адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған болып есептеледі.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, біздің департаменттің жаңадан қабылданған мамандарын ҚР ӘҚБК 804-бабы 1-бөлігінің 37-тармағымен таныстырды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды оған уәкілетті лауазымды тұлғалар жасауға құқылы: техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдары (415 (екінші бөлігі), 417 (бірінші және алтыншы бөліктері), 419 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар).

Сондай-ақ ҚР ӘҚБК (802,803,806,808) бабының талаптарына сәйкес:

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудың негіздері;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау тәртібі;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау мерзімі;

- істі қарау үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жіберу.

Осы Техникалық оқу Департаменттің мемлекеттік инспекторларының білім деңгейін және біліктілігін арттыруға бағытталған.