АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ» РММ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ» РММ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2019 жылғы 15 ақпанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Академия) қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Осы кездесуге Академияның басшы құрамы және жауапты тұлғалар қатысты:

- әскери-медициналық бөлім;

- материалдық қамтамасыз ету басқармасының Жанар және жағар май материалдарымен жабдықтау бөлімшелері;

- материалдық қамтамасыз ету басқармасының пәтер-пайдалану бөлімі;

-күзет және материалдық қамтамасыз ету ротасының асханасы мен қоймасы.

Аталған іс-шараның мақсаты техникалық реттеу және метрология саласындағы ҚР заңнамасын түсіндіру болды.

Кездесу барысында техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы, сондай-ақ ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндірді.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасында өнімдердің, қызметтердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құқықтық негіздері түсіндірілді.

Осы кездесуде Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздері, метрологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы қатынастарды реттеу мәселелері, Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының құқықтары мен заңды мүдделерін өлшеудің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғау мәселелері қаралды.