АЛМАТЫДА ЭКСПОРТТАУШЫ «КОМПАНИЯ ОБИС» ЖШС-МЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ

АЛМАТЫДА ЭКСПОРТТАУШЫ «КОМПАНИЯ ОБИС» ЖШС-МЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚХР нарығына өнімді жеткізу кезінде «Компания ОБИС» ЖШС «ОК(окей)» және «Сочный» тауар белгілерін тіркеу мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Жұмыс кеңесіне Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Алматы қаласы Әділет департаментінің, Алматы қаласы «Зияткерлік меншік ғылыми институты» РМК филиалы, Алматы қаласы бойынша «ҚазСтИн» РМК филиалы, «CCIC Almaty» ЖШС Қытай компаниясы өкілдері қатысты.

Кеңес барысында «Компания ОБИС» ЖШС-нің отандық алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілерінің «ОК(окей)» және «Сочный» тауар белгілерін ҚХР аумағында жосықсыз бәсекелестермен тіркеу мәселелері көтерілді.

«ҰЗМИ» РМК Алматы филиалының тауар таңбалары және өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдау зерттеу бөлімінің бастығы Жанна Омарбекова тауар таңбасына құқық аумақтық әрекет бойынша шектеулі болып табылатынын, яғни заңды және жеке тұлғалар тауар таңбасын қорғау құқығын өздері тауар таңбасын тіркеген елдерде ғана алатынын айтты.

Өнеркәсіптік меншікке құқықтарды қорғау саласындағы негізгі халықаралық келісім өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі 20.03.1983 жылғы Париж конвенциясы (бұдан әрі-Конвенция) болып табылады.

Конвенцияда егер одақ елдерінің бірінде таңбаның иесі болып табылатын адамның өкілі иесінің рұқсатынсыз осындай бір немесе бірнеше елдерде өз атынан осы таңбаны тіркеуге өтінім берсе, иесі тіркеуге кедергі жасауға немесе оның күшін жоюды талап етуге не егер елдің заңы бұл рұқсат етсе, егер өкіл оның қолданылуын ақтайтын дәлелдемелерді ұсынбаса, тіркеуді өз пайдасына қайта ресімдеуге құқылы.

Алматы қаласы бойынша ТРМК департаментінің басшысы Саукбек Қапаевпен ҚР заңнамасының өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, өнімнің сәйкестігін растау рәсімдері, техникалық реттеу, метрология және аккредиттеу саласындағы мамандарды оқыту бойынша талаптары түсіндірілді.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша, өз құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ ҚХР аумағындағы әлеуетті шығындарды тоқтату мақсатында «Компания ОБИС» ЖШС патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы белгіленген мерзімде өтініш немесе қарсылық білдіру және Конвенцияға қатысушы ретінде ҚХР-ның тиісті органдарына бұзушылық туралы дәлелдеме беру ұсынылды, сондай-ақ осы мәселені қарау және қазақстандық экспортқа бағдарланған өнімдерге көмек көрсету бойынша «CCIC Almaty» ЖШС Қытай компаниясының басшысымен кезекті кездесу өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.