«АБАЙ ДАУЛЕТ» ЖШС-ГІ КЕЗДЕСУ

«АБАЙ ДАУЛЕТ» ЖШС-ГІ КЕЗДЕСУ

Техникалық реттеу  және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты » РМК Қызылорда филиалы  мамандарымен бірлесіп, техникалық реттеу жәнне метрология саласындағы  заңнаманы түсіндіру мақсатында  күріш өсірумен  және өңдеумен айналысатын «Абай Даулет»  ЖШС-де кездесу өткізді.

Облыс аумағында 2 жылдан астам  қызмет атқаратын  «Абай Даулет»  ЖШС –і қалдықсыз өнім шығаруға  көшті. Күрішз зауытқа  түскеннен кейін  қабығынан тазартылады және  ақталады.Ақталған күріш және майда күріш бөлектеп жиналады. Ақталған күріш қалдықтары жемге  пайдаланылады.  Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің шетелдік тәжірибесін зерттеліп, жаңадан  күріш қабығынан өнім шығаруға мүмкіндік  беретін  құрылғы-жабдық  сатып алынды. Польша  тәжірибесіне  сүйеніп, арнаулы құрылғыда күріш  маясынан  гранула түріндегі  қатты отын шығара бастады.  Жылу қуаттытығы басқа да  отын түрлерінен кем түспейтін  қатты отын түрінің жаңа түрін шығарғанда  бірненше  мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: кәсіпорында жаңадан  жұмыс  орындары ашылады, қатты отынның бағасы төмендейді,  жердің құнарлығын сақтай отырып,  табиғи ресурстарды үнемдей отырып,  дұрыс бағытта пайдалануға мүмкіндік береді.

Кәсіпорында сапа менеджмент жүйесі ИСО 90001 және тағам өнімдерінің қауіпсіздік жүйесі  ИСО 22000  енгізілген.  Шығарылған өнім Тәжікстан, Өзбекстан, Украина , РФ, Монголия елдеріне  экспортталады.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі №367 «Қазақстан Республикасында өнімдерді міндетті растау туралы» қаулысы, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурызындағы №277 қаулысымен бекітілген «Буып –түйуге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Кеден одағы (ЕЭАО)  техникалық регламенттерінің  және басқа да  нормативтік актілер  талаптары түсіндірілді.

Пікір  алмасу блды.  Өнім шығару кезеңінде ГОСТ, ҚР СТ пайдалану, қолдану мәселелері бойынша түскен сұрақтарға толық және тыңғылықты жауаптар берілді.